Мұрағат материалдары біздің өңіріміздің қаржы қызметінің құрылуы, шығармашылығы мен дамуының бай тарихын куәландырады. Қырғыз Автономды Кеңестік Социалистік республикасының Халық Комиссарлары Кеңесi Республиканың қаржы халықтық комитеті туралы Ереже әзірленіп, бекітілген кезде біздің өңіріміздің қаржы қызметінің тарихы 1921 жылдың 20 тамызынан басталады және өңір тарихында бірінші рет Өскемен уездік қаржы бөлімі құрылды..
«Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы» ММ-нің басқарма басшылығы апта сайын сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдайды: әр сейсенбі - басқарма бастығы А.Ә. Құрманғалиев, әр сәрсенбі- бастықтың бюджеттің атқарылу мәселелері жөніндегі орынбасары А.Н. Лебедева, әр бейсенбі- бастықтың коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі орынбасары Ж.Қ. Абенов. Алдын ала жазылу 26-46-74 телефоны арқылы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қаржы басқармасы ғимаратының бірінші қабатында лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне азаматтардың өтініштері мен арыздарына арналған жәшік орналастырылған.