Құрылымы

Оразалиев Серікқазы Биғазыұлы

1955 жылы 13 қазанда Семей облысы, Жаңа Семей ауданы Жаңа Покровка ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Семей ет және сүт өнімдері технологиялық институтын «Агроөнеркәсіптік кешен салаларының экономикасы және басқару» мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін жұмысшы болып Семей аяқ-киім фабрикасында бастаған (1973 ж.), әскери қызметте (1973-1975 ж.ж.). Семей қаржы-экономикалық техникумынан кейін инспектор, бас инспектор, аға экономисі, ревизор-инспектор, Калинин аудандық финансы бөлімінің мемлекеттік кіріс инспекциясы бастығының орынбасары (1976-1988 жж.); Семей қалалық финансы бөлімінің аға салық ревизор-инспекторы (1988-1990 жж.); бас мемлекеттік салықтық инспекторы, Семей қаласы бойынша мемлекеттік салықтық инспекциясы бастығының орынбасары, Семей қаласының Әуезов ауданы бойынша салықтық инспекция бастығының орынбасары, Семей қаласы бойынша салық инспекциясы бастығының орынбасары, одан кейін бастық, Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары (1990-2007);  Семей қаласы әкімінің орынбасары (2007-2011 жж.) болып жұмыс істеді.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының салық қызметінің үздік қызметкері» белгісімен наградталған, «Үздік маман» атағы берілді, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хаты және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер, Қазақстан Республикасы Қаржы министрліктерінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің мақтау грамоталарымен марапатталды.
2011 жылғы 5 мамырдан бастап «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ бастығы болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:

Бюджетті атқару және облыстық коммуналдық мүліктерді басқару саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Экономикалық бағдарламаларды, стратегиялық және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімінің жоспарларын әзірлеуге қатысады.
Басқарма бастығының орынбасарлары, басқарма қызметкерлері лауазымына тағайындайды және босатады, олардың міндеттері мен құзыреттерін анықтайды, көтермелейді және тәртіптік жазалау шараларын қолданады.
Ұйымдастыру-құқықтық бөлімі мен бухгалтерлік есеп және есептілік бөліміне басшылық жасайды.  
Облыстық атқарушы және өкілетті органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi және сол үшін дербес жауапкершілік артады.
Ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Аттестаттау комиссиясы, бос мемлекеттік әкімшілік қызметтің лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиясының төрағасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қабылдау уақыты: әрбір сейсенбі күні 16-00 до 18-00
Телефон: 8 (7232)26-52-59