Құрылымы

Бастықтың бюджеттің атқарылу мәселелері жөніндегі орынбасары - Кенжетаева Лязиза Карловна

Кенжетаева Лязиза Карловна 1969 жылы 13 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы Балғын ауылында туды, ұлты –қазақ. Білімі –жоғары, 1991 жылы «Өнеркәсіпті жоспарлау» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын бітірді.
Еңбек қызметін 1991 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық Зейнетақылар мен жәрдемақыларды аудару және төлеу жөніндегі облыстық орталығының маманы лауазымынан бастады. 1995 жылдан бастап 2009 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында: жетекші маман, бас маман, түсетін кірістерді болжау және экономикалық талдау бөлімі жинақтап жоспарлау секторының меңгерушісі, бас маман, қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап 2011 жылғы дейін Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында салық саясаты мен болжамдар бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары болып тағайындалды.
2011 жылғы 7 қазаннан бастап Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы бастығының бюджеттің атқарылу мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:

Бюджеттің атқарылуы бойынша есептілік бөлімі, міндеттемелерді талдау, қолма-қол ақшаны басқару, мемлекеттік органдар, қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік, әлеуметтік сала мекемелері, Экономиканың нақты секторы бөлімдеріне ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру жұмыстарына әдістемелік басшылық жасайды. Облыстық мәслихат сессиясына, облыс әкімдігінің алқасына материалдар әзірлеу, Қазақстан Респуликасының орталық органдарына бюджеттің орындалу мәселелері бойынша қажетті ақпараттарды әзірлейді. Басқарма бастығының тапсырмасына сәйкес облыстың қалалар мен аудандардың қаржылық органдарымен хат алмасуды,  сонымен қатар облыстық құрылымдардың,  құқық қорғау органдарының сұранымдарына  жауап беруді жүзеге асырады.

«Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы» ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына сәйкес Қазынашылық органы арқылы қаржылық рәсiмдер жүргізу жөніндегі құжаттарға, сондай-ақ бюджеттің орындалуына байланысты құжаттарға  қол қоюға құқығы бар.
Бюджетті атқару мәселелеріне қатысты облыс әкімі үшін спичрайтингтік материалдар әзірлейді.
Басқарма бастығы болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарып,    ШҚО қаржы басқармасы қызметiне жедел басшылықты жүзеге асырады.

 

Қабылдау уақыты: әрбір сәрсенбі күні 16-00 до 18-00
Телефон:8 (7232)26-53-71