|
|
Ереже
Баяндама 2008 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы
Құрметті Бердібек Машбекұлы!
Құрметті депутаттар!
Өткен жылы жергілікті атқарушы органдардың жұмысы экономика тұрақсыздығының теріс салдарын жұмсартуға бағытталған шаралар кешенін іске асыруға, жұмыс орындарын сақтауға, мемлекеттік қаражаттарды жұмсау басымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған болатын.
Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында белгіленген облыстың барлық салаларында орнықты даму стратегиясы мен қол жеткізілген экономикасын сақтау халық өмірі деңгейінің тұрақтылығының кепілі, оған қол жеткізу үшін облыс бюджетінің 74% қаражаты бағыталды.
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын ескере отырып, өңірлік және салалық бағдарламалармен бекітілген облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары негізінде қалыптасқан 2008 жылғы облыстық бюджеттің бектілген бюджеттік бағдарламаларын орындау және іске асыру нәтижелеріне тоқталғым келіп тұр.
Жалпы облыстық бюджеттің кіріс бөлігі 98,9%-ға орындалды, қазынаға 87,8 млрд.теңге түсті, ол облыс бюджеті көлемінің 80%-ын құрайды.
Бюджеттің жалпы көлемін 18,3 млрд.теңгесін немесе 20,7%-ын әкiмшiлiк ететін салықтар мен төлемдер алады, тұрғын үй құрылысына арналған нысаналы трансферттер мен кредиттік ресурстар 20,5 млрд.теңге, сондай-ақ, облыс 46,9 млрд.теңге ресми трансферттер алды, ол облыс бюджетінің 42%-ын құрайды, оның 16,3 млрд.теңгесі облыстық бюджеттік бағдарламаларды орындауға жұмсалды.
Жыл қорытындысы бойынша 471,0 млн.теңгеге қаланың негізін салушы кәсiпорындардың еңбекақы төлеу қорының төмендеуі мен 650,0 млн.теңгеге облыстың жылжымайтын мүлкінің аукциондық саудасының өтпей қалуына байланысты жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық түсімдерінің болжамы орындалған жоқ.
Құрметті депутаттар!
Елбасының жолдауын іске асыру шеңберінде республикамызда әлеуметтік сала аумағында, сондай-ақ, эконмиканың өндірістік емес секторларында да салынған қаражаттардың нәтижелілігіне бағытталған экономикалық және әкімшілік реформалар жүргізіліп жатыр.
Өткен жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға облыстық бюджеттен 88,8 млрд.теңге немесе жоспардың 98,9%-ы жұмсалған болатын.
Денсаулық сақтау
2007 жылға қарағанда денсаулық сақтауға шығыстар 8,5%-ға өсті.
Бюджет қаражаттары есебінен облыстың 980 мыңнан астам адамына стационарлық және амбулаторлық медициналық көмек көрсетілді, қызмет көрсетуге 22,1 млрд.теңге жұмсалды.
Жеңілдікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 865,0 млн.теңге нысаналы трансферттер, жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 1,1 млрд.теңге жұмсалды.
1,9 млрд.теңгеге медициналық ұйымдар жабдықтар мен медициналық құралдармен жарақтандырылды. Емханалар үшін 175 бірлік компьютерлік техника, қан орталықтары, онкологиялық диспансерлер, балалар және облыстық ауруханалар үшін жабдықтар сатып алынды. Шұғыл көмек қызметін жарақтандыру, туберкулезбен ауыратындар үшін 5 ренгенаппараты, 15 ауылдық медициналық пунктер үшін ғимарат, 75 санитарлық көлік сатып алынды, бұл халықтың біршама санын алдын-ала қарау және медициналық қызметтермен қамтуға мүмкіндік берді.
2007 жылмен салыстырғанда әлеуметтік-елеулі және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар бойынша сырқаттану жағдайлары орташа 5%-ға төмендеуі байқалады.
Өткен жылы 2,4 млрд.теңге шығынмен денсаулық сақтаудың 9 жобасы инвестицияланды, сондай-ақ 9 объекті жобаланды. Бесқарағай ауданының Үлкен Владимировка ауылындағы аудандық аурухана пайдалануға берілді. 30 объект 348,4 млн.теңгеге жөнделді.
Білім беру
Білім беру саласында оқулықтарды әзірлеу және инновациялық технологияларды, оқу бағдарламаларымен дамыта оқыту оқулықтарын, енгізу, балалардың өмір жағдайын жақсарту, тәрбиелеу және оқыту, балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу, еңбек нарығында бәсекеге қабiлеттi мамандар дайындау, материалдық-техникалық базаны нығайту, білім беру объектілерін жөндеу және құрылысы жалғастырылып жатыр. Аталған іс-шараларды орындауға 12,0 млрд.теңге жұмсалды.
Оқулықтар сатып алу және жеткізу толығымен қамтамасыз етілді, білім деңгейін арттыруға жағдайлар жасалды, интерактивті оқыту жүйесін дамыту және ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне енгізу жалғастырылып жатыр. Аталған мақсаттарға 203,2 млн.теңге жұмсалды. 2007 жылға қарағанда экономика салаларын кәсіби мамандармен қамтамасыз ету үшін шығындар 43%-ға өсті, колледжерде 13,7%-ға, агроөнеркәсіп кешені үшін мамандар 5%-ға, құрылыс мамандығы 12%-ға, техникалық және техногологиялық мамандықтар 40%-ға мемлекеттік тапсырыс ұлғайды.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға үлкен назар аударылады. 178,5 млн.теңгеге білім берудің 35 облыстық объектісі жөнделіп, 513,8 млн.теңгеге жабдықтар мен арнайы техника сатып алынды.
Ауылдарды мамандармен қамтамасыз ету және білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері шешіліп жатыр.
2008 жылы 3300 тыңдаушы кадрларды қайта даярлау курсынан өтті, өткен жылы бюджет қаражаттары есебінен аз қамтылған отбасылардың 348 мектеп түлегі жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Ауылда жұмыс істеуге ниет білдерген 157 жас маманға материалдық көмек көрсетілді. Аталған іс-шараларға 77,9 млн.теңге жұмсалды.
Ресбуликалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 44,2 млн.теңгеге интерактивтік жабдық сатып алынды, 61,0 млн.теңгеге 62 сынып компьютерлік сауаттылыққа оқытылды.
Бюджет қаражаттары есебінен 21 жалпы білім беретін мектеп салынды, оның 16-сы ауылдық жерлерде, екі балабақша, Семей қаласындағы педагогикалық колледжі үшін спортзал жаңартылып, салынды. Ұлан, Катонқарағай, Тарбағатай, Күршім және Жарма аудандарында 9 мектеп пайдалануға берілді, Бесқарағай, Көкпекті, Үржар аудандары мен Семей қаласындағы 4 мектеп бойынша мемлекеттік комиссия тексеру жүргізді. Білім берудің 18 объектісіне жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Инвестициялық жобаларды іске асыруға 4,0 млрд.теңгеден астам қаражат жұмсалды.
Халықты әлеуметтік қорғау
Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын мемлекеттік қорғау және көмек көрсету басым бағыттарының бірі болып табылады. Өткен жылы мүгедектер мен қарттарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға, медициналық көмек көрсетуге, республиканың сауықтыру орталықтарында сауықтыруға 3,2 млрд.теңге бағыталды.
2500 мүгедек ортопедиялық көмек және 589 жылжымалы техникалық құралдар (кресло-арбалар) алды. Есту және көруі нашар 1,2 мың мүгедек арнайы құралдармен қамтамасыз етілді. 2019 зейнеткер мен мүгедек «Уба» және «Мойылды» шипажайларында денсаулықтарын түзетті.
Облыстық бюджет есебінен 2007 жылы басталған соғыс мүгедектері мен қатысушыларына, көп балалы аналар, жоғары оқу орындарын аяқтағаннан кейін селолар мен ауылдарда жұмыс істеуге ниет білдірген жас мамандарға, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларынан шыққан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне жоғары оқу орындарында оқуға төлеу үшін қосымша материалдық көмек жалғастырылды. 32 мыңнан астам адамға 822,6 млн.теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді.
Өткен жылы Өскемен қаласындағы «Үміт» отбасылық үлгідегі балалар үйі жаңартылды, 38,5 млн.теңгеге 4 объект бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
Мәдениет, спорт
Мәдениет және спортты дамыту назардан тыс қалған жоқ.
Өткен жылы облыс көлемінде жоспарланған мәдени-бұқаралық іс-шаралар атқарылып жатыр. Өңірдегі мәдени құндылықтарға қолдау, салт-дәстүрді дамыту қамтамасыз етілді. 1938 бұқаралық іс-шара өткізілді (көрмелер, фестивальдар, лекциялар, конкурстар, тақырыптық кештер), оның ішінде 186-сы ауылда, облыстың театрлары 511 спектакль, 474 концерт қойды. Аталған мақсаттарға 838,7 млн.теңге жұмсалды.
Мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін облыстық бюджеттен 162,0 млн.теңге, Абай ауданындағы клуб ғимаратын сатып алуға 41,0 млн.теңге жұмсалды, 27,1 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.
Мәдениет және спорт объектілерін дамытуға өткен жылы 613,7 млн.теңге жұмсалды. «Восток» стадионын жаңарту, Семей қаласындағы спорт-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғастырылды, Үржар ауданының Үржар ауылы мен Тарбағатай ауданының Ақжар ауылындағы спорт модулдері құрылысының жобаларын іске асыру басталды. Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнерi мұражайы бойынша жұмыстар түрлерін іске асыруға қабылданған жұмыстар аяқталды.
Құқық қорғау органдары
Облыстағы қоғамдық тәртіпті қорғау, заңдылықты сақтау мен криминогендік ахуалды тұрақтандыруға өткен жылы 5,2 млрд.теңге жұмсалды немесе 2007 жылға қарағанда 800,0 млн.теңге (20%-ға) артық. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға шығыстар 491,5 млн.теңгеге ұлғайды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің өңірлік бағдарламасын орындауға, жол қозғалысын қамтамасыз ету бағдарламасын іске асыруға 570,0 млн.теңгеден астам қаражат, 190 бірлік автокөлік сатып алуға 335,0 млн.теңге жұмсалды, артық сомаға киім-кешек, құралдар, арнайы техникалар сатып алуға шығыстар 500,0 млн.теңгеге ұлғайды.
58,4 млн.теңгеге 5 объектіге күрделі жөндеу жүргізілді, жол полициясының негізгі ғимарты жапсаржайының құрылысына және «Есірткі шебі» бөгеу жүйесінің бекетін жаңартуға 117,4 млн.теңге жұмсалды.
Тұрғын үй салу
Қол жетім тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жаслғастырылды. Өткен жылы 1123,0 млн.теңге сомасында алынған кредиттік ресурстар 2010 жылы сату мерзімімен Өскемен (573,0 млн.теңге) және Семей (550 млн.теңге) қалаларындағы ипотекалық кредиттеу жүйесі бойынша қол жетім тұрғын үй құрылысына жұмсалды.
Сонымен қатар, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен (119,4 млн.теңге), Семей (247,7 млн.теңге), Риддер (132,6 млн.теңге) және Зайсан (46,8 млн.теңге) қалаларындағы 4 тұрғын үй 546,5 млн.теңгеге салынды, оның ішінде Риддер қаласындағы тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды.
Есеп беру кезеңінде тұрғын үй құрылысын іске асыру шеңберінде Бородулиха (5,6 млн.теңге), Абай (1,9 млн.теңге) және Бесқарағай (2,0 млн.теңге) аудандары мен Семей (279,9 млн.теңге) және Өскемен (829,6 млн.теңге) қалаларында коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға 1,1 млрд.теңге жұмсалды.
Табиғат қорғау іс-шаралары
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға 1,7 млрд.теңге жұмсалды.
Зырян ауданының Серебрянск қаласы мен Көкпекті ауданының Самар ауылындағы тазалау құрылғылары жаңартылды, Жарма ауданы Солнечный кентіндегі мазутпен ластанған топырақты көму полигонының құрылысы, Өскемен қаласындағы тазалау құрылғыларын жаңарту жұмыстары жалғастырылды, аталған объектілер ағымдағы жылға ауыстарылады. Биологиялық, су, жер ресурстары мен атмосфералық ауаны қорғау және орман өсіру және жануарларды қорғау жөніндегі іс-шаралар жүргізілді. Ауыз су сапасын жақсарту үшін қалалар мен аудандардың 21 су жеткізу объектілерін қалпына келтіруге 1,2 млрд.теңге жұмсалды.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы саласына өткен жылы тұқымшаруашылығы, мал шаруашылығын қолдауға, өнімінің өнімділігін және сапасын арттыру, жағар-жанар май материалдар құнын арзандатуға 4,0 млрд.теңгеден астам бюджет субсидиясы бөлінді. 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығының субъектісіне қолдау көрсетілді.
Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 485 млн.теңге кредиттік ресурстар бөлінген болатын (сыйақы ставкасы 11%-ға дейін, оның ішінде 5%-ға дейін банктік маржа). Облыстың 22 ауыл шаруашылығы құрылымы, оның ішінде сүт және ет белдеулерін жасауға – Абай, Глубокое, Көкпекті, Ұлан аудандары мен Семей қаласының 8 объектісі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығының өнімдерін өңдейтін және сақтауды қамтамасыз ететін облыстың 11 өңірінің 14 субъектісі кредит алды.
Көлік
Облыстың автомобиль жолдары желілерінің қызметін қамтамасыз етуге 2126,2 млн.теңге жұмсалды. Зайсан қаласындағы Жеменей өзені арқылы өтетін көпір құрылысы аяқталды, Риддер қаласының айналма жолының құрылысы жалғастырылып, Шемонаиха, Көкпекті, Зайсан, Күршім, Бесқарағай, Абай және Катонқарағай аудандарының 10 автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізілді.
Сонымен қатар, облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен (193,5 млн.теңге), Семей (150,0 млн.теңге), Курчатов (25,0 млн.теңге) қалалары мен Абай және Күршім аудандарындағы (10,0 млн.теңге) жолдар, көшелер мен аулаларға ағымдағы жөндеу жүргізуге 388,5 млн.теңге жұмсалды.
Облыс ішінде әуе қатынастарын дамыту үшін, сондай-ақ, қала маңындағы теміржол бағыттарының жол құнын арзандатуға 285,2 млн.теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Өткен жылдың нәтижелері бойынша 19,2 млрд.теңге немесе республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің 98%-ы игерілді.
Конкурстық рәсімдер мен Үржар ауданыныдағы мектепті пайдалану мерзімін 2009 жылға ауыстыруға (қажетті сома ағымдағы жылдың бюджетінде қарастырылған) байланысты үнем бойынша ағымдағы трансферттер бойынша 4,5 млн.теңге игерілмей қалды.
Дамыту бағдарламалары бойынша пайдаланылмай қалған қаражат қалдығы 455,2 млн.теңгені құрайды, конкурстық рәсімдер нәтижелері бойынша (76,8 млн.теңге), Семей қаласындағы жылу энергетикалық жүйесінің объектілері (43,1 млн.теңге) мен Өскемен қаласындағы тазалау құрылғылар (143,3 млн.теңге) бойынша мемлекеттік сараптаманы кеш алуына, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыру бойынша (78,8 млн.теңге) технологиялық жабдықтың жоқтығы, объектілерді пайданалануға 2009 жылы енгізу (мектептер, коммуналдық тұрғын үй – 64,5 млн.теңге) бойынша үнем, сумен жабдықтау объектілері құрылысының қымбаттауы (46,8 млн.теңге) кері әсерін тигізді. Бюджет заңнамасына сәйкес тіркелген міндеттемелері жоқ пайдаланылмаған қаражаттар республикалық бюджетке қайтарылды (264,8 млн.теңге).
Өткен жылдың төртінші тоқсанында кірістер болжамының орындалмауынан жергілікті атқарушы органдар облыстық бағдарламалар әкімшілерінің шығынды қызметтерін реттеу жөнінде шұғыл шаралар қабылдады.
Бюджетте бекітілген әлеуметтік-маңызы бар бағыттарға (еңбекақы төлеу, стипендия, салықтар, тамақтану, дәрі-дәрмектер мен коммуналдық қызметтер) қаражаттарды жұмсауда ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету үшін жеке қаржыландыру жоспарыларына өзгерістер енгізу мен үнем нәтижесінде конкурстық рәсімдер, бос лауазымдық орындар бойынша талап етілмеген, жобалық және жобалау алдындағы құжаттама жоқтығынан қаражаттарды игеру мүмкін еместігі бойынша күрделі шығындар бойынша шарттық міндеттемелермен қамтамасыз етілмеген төлемдер тоқтатылған болатын.
Нәтижесінде бюджет 960 млн.теңгеден астам кіріс түспей қалды, 255 млн.теңге кредиторлық берешек нақтыланды, оларды өтеу ағымдағы жылғы бюджетте қарастырылған.
1 млрд.теңгеден астам Глубокое (56,8 млн.теңге), Зырян (112,0 млн.теңге), Катонқарағай аудандары (20,0 млн.теңге) мен Риддер (10,2 млн.теңге), Курчатов (15,0 млн.теңге), Семей (787,0 млн.теңге) және Өскемен (30,0 млн.теңге) қалаларының жылу, сумен жабдықтау ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін күрделі жөндеу жүргізуге, жабдықтар мен отын сатып алуға, сондай-ақ, коммуналдық кәсіпорындар берешегін өтеуге қаржылық қолдау көрсетілді .
Шағын, орта бизнесті дамытуға 730,0 млн.теңге жарғылық капиталын ұлғайту арқылы күрделі шығындарға бюджеттік инвестиялар бөлінді, олар аумақтарды жайластыруға, индустриялық даму үшін бөлінген, техникалық және жол құралдарын сатып алуға жұмсалды.
Сонымен қатар, «ДАМУ» қорымен қаржыландыру бойынша кәсіпкерлікті дамытудың 50 жобасын іске асыруға облыстық бюджеттен 526,8 млн.теңге жұмсалды.
Құрметті депутаттар!
Жалпы жыл оң нәтижемен аяқталды, ресупбликалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған көлемі шоттарда сақталды.
Назарларыңызға рахмет!
|