|
|
Ереже
2009 жылғы 1-тоқсандағы атқарылған жұмыс тұралы есеп
Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы 2009 жылдың 1-тоқсанында мынадай жұмыстар атқарды:
Халық алдында облыс әкімінің жыл сайынғы есебіне ақпарат әзірледі.
«2008 жылғы жұмыстың қорытындылары мен 2009 жылға арналған міндеттер жөнінде» облыс әкімінің қатысуымен қорытынды мәжіліс өткізілді.
«Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат санының лимиті туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 244 қаулысына сәйкес қаржы басқармасы аппаратының штат саны 17 бірлікке қысқартылды және ағымдағы жылдың 24 наурыздағы жағдай бойынша 52 бірлікті құрады.
«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері» 2008 жылғы 30 сәуірдегі № 568 қаулыға өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 276 қаулысына сәйкес ШҚО Қаржы басқармасының құрылымына өзгерістер енгізілді.
«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ 2010 – 2012 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының жобасы әзірленді.
Ағымдағы жылдың ақпан айында «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы», «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихаты сессиясының 2008 жылғы желтоқсандағы шешімдерін іске асыру бойынша қаржылық рәсімдер жүргізді.
Айларға бөлінген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары әзірленді. Республикалық трансферттер мен кредиттерді ескере отырып, кірістер мен шығыстар бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізілді.
«2008 жылғы жұмыстың қорытындылары мен 2009 жылға арналған міндеттер жөнінде» облыстық әкімдік алқасына арналған басшыға ақпарат пен баяндама әзірленді.
Есеп беру кезінде Орталық орагндарға, жергілікті және өкілетті органдарға, қаржылық бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға және басқа да атқарушы органдарға 2008 жылға облыс бюджеті мен облыстық бюджеттің атқарылуы жөнінде жылдық есеп, 2009 жылғы есеп беру кезеңінде бюджетті атқару жөніндегі тиісті ай сайынғы есеп әзірленіп, ұсынылды.
Теңгерім шоттары бойынша талдамалық деректермен ай сайын кредиторлық және дебиторлық жөнінде есептер, түсіндірмелі жазбахаты бар берешектің пайда болу себептері туралы, республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттерді игеру жөнінде ақпарат ұсынылды.
Түсімдер бойынша талдамалық деректермен және слайдтарды, облыстық бюджеттік бағдарламаларды іске асырылуын көрсете отырып, облыстық бюджеттің атқарылуы жөнінде материалдар әзірленіп, облыстық мәслихат сессиясымен бекітілді.
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттары есебінен инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттардың игерілуіне, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бойынша уақытында еңбекақы төлеуіне, жергілікті бюджетке түскен түсімдеріне нақты талдау жасалынады, шоттардағы қалдықтарды талдау және бюджеттік бағдарламаларды ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету, ипотекалық тұрғын үй сатып алуға азаматтардың өтініштерін есепке алу, тұрған үйлерді сатуда түскен кірістер түсімдерін есепке алу, берілген кредиттерді қайтарылуына күн сайын, апта сайын, ай сайын монитринг жүргізіледі, ақпарат ҚР Қаржы министрлігіне, облыс әкімінің аппаратына ұсынылады.
Қалалар мен аудандардың қаржы бөлімдерінің мамандары және облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесе отырып, веб-портал арқылы электрондық сатып алу есептілігін енгізу жөнінде ұйымдастыру жұмысы жүргізілді, 3 оқыту семинары өткізілді. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 1801 мемлекеттік ұйымының 1491-і мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын орналастырды.
Ай сайын электронды әдіспен өткізілген мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық мазмұн көлемдері жөніндегі есеп әзірленеді.
Облыстың базарларында біржолғы талондарды беру жөнінде жұмыс ұйымдастырылды, сауда орындарына, біржолғы талондар бойынша қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғалардан жеке табыс салығының түсімдеріне хронометражды қадағалау жасалды. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бюджет кірісіне қосымша 15,0 млн.теңге түсті.
Облыстық коммуналдық меншік объектілерін жалға беру жөнінде үнемі жұмыс жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыстық бюджетке 51,5 млн.теңге түсімдер түсті.
Шығыс Қазақстан облысының шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі бағдарламалар шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне пайдаланылмайтын коммуналдық меншік объектілерін кейіннен өтеусіз құқығымен сенімді басқаруға беру бойынша тендер өткізілді. Зырян қаласындағы пайдаланылмай тұрған № 15 бұрынғы қазандық ғимаратының бір бөлігі жылыту құралдарын жинау, жуу, сығымдау, тығын арматурасын жөндеу және сығымдау, әртүрлі металл конструкцияларын жинау және жылу энергиясын есепке алу бойынша цех ашуға берілді.
Облыстың мемлекеттік мекемелерінің теңгерімдеріне бекітілген автокөлік құралдарын сату бойынша аукциондық сауда өткізілді. Барлығы 8 бірлік көлік жалпы сомасы 387 мың теңгеге сатылды.
Кәсіби деңгейді арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Шығыс Қазақстан өңірлік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында басқарманың 10 маманы біліктіліктерін арттырды.
|