Ереже

ШҚО Қаржы басқармасы бастығының облыстық әкімдік мәжілісінде «Қалалар мен аудандар әкімдерінің және облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2009 жылғы 5 айда бюджеттік қаражаттарды игеру бойынша жұмысы туралы» баяндамасы

Құрметті Бердібек Машбекұлы!
Құрметті әріптестер!

Өткен 5 айдың қорытындысы бойынша облыс бюджетінің меншік кірістері 17,5 млрд.теңгеге немесе жоспардың 100,9%-ы орындалды. Қалалар мен аудандардың әлеуметтік және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салықтар түсімдерінің орындалуына тікелей байланысты облыстық бюджеттен басқа, барлық қалалар мен аудандар бойынша кірістер жоспары асыра орындалды. Есеп беру күніне жоспар жылдық болжамның 39,4%-ын құрады (көлемдерді ауыстыруға байланысты), тиісінше келесі айларға жүктеме 20%-ға ұлғайды, немесе өткен кезеңге қарағанда ай сайын 400 млн.теңгеге артық түсіп отыру қажет.
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салық 88%-ға орындалды, 5 бюджет (Аягөз, Глубокое аудандар мен Өскемен, Семей және Риддер қалалары),  салық бойынша 8 бюджет жоспарланған көлемге қол жеткізген жоқ.

Сіздің тапсырмаңызды орындауда өңірдің жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджетке түсімдерді ұлғайту бойынша шаралар қабылдауда. Өткен кезеңде бекітілген салықтар бойынша болжам 122,3%-ға орындалды, жоспардан тыс 1,3 млрд.теңге түсті, ол салық түсімдері бойынша жетіспей тұрған көлемді жабуға мүмкіндік берді.

Салық салу базалары бар қосымша салықтарды анықтауға ерекше назар аударылады. Жер салығы, көлік құралдарына, мүлікке салынатын салықтар, базарлардан алымдар жинау бойынша жоспар асыра орындалды.
Дегенмен де, жер телімдерінен сатудан түсетін түсімдер жоспарын орындау бойынша шаралар қабылданған жоқ: Аягөз (49,3%), Зайсан (59%), Катонқарағай (41,3%), Тарбағатай (30,1%), Үржар (33,2%) аудандары бойынша.

Өткен жылы төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салық (12,3 млн.теңге), әлеуметтік салық (1069,3 млн.теңге), заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық (22,1 млн.теңге), алкогольдік өнімдерден түсетін акциздер бойынша (81,2 млн.теңге), жер тілімдерін пайдаланғаны үшін төлем (60,2 млн.теңге), су ресуртарын пайдаланғаны үшін төлем (4,2 млн.теңге) және жер телімдерін сатудан түскен түсімдер (90,0 млн.теңге) бойынша бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуіне жол берліген болатын.

Қалалар мен аудандары кірістер бойынша бюджеттерінің орындалуы барлық бюджетте бекітілген бағдарламаларды ақшалай қаражаттармен толық қамтамасыз етті.
Бірақ, облыс бюджетінің шығыс бөлігі тек 91,5%-ға орындалды, 47,4 млрд.теңге жұмсалды, ол бекітілген жоспардың 51,8 млрд.теңгесі. 20 бюджеттің тек екі өңірдің (Катонқарағай және Тарбағатай аудандары) тікелей нәтижелері 99%-ды құрады, қаражаттардың 95%-ған төмен игерілуіне Бородулиха, Бесқарағай аудандары мен Өскемен, Семей, Риддер және Курчатов қалалары жол берген.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар 95,2%-ға игерілді, әлеуметтік маңызы бар төлемдер бойынша жоспарланған міндеттемелер толығымен орындалды: еңбекақы, жәрдемақылар, стипендиялар, коммуналдық қызметтер, салықтық аударымдар, тамақтану қаржыландырылды.
Даму бюджеттік бағдарламалары нашар игерілуде, ол тек 67,8%-ға игерілді.

Облыстың 9 өңірі есеп беру күніне белгіленген көлемде жобаларды іске асыру жөніндегі бекітілген жоспарларды орындаған жоқ.
Нәтижесінде Өскемен 1004,0 млн.теңге, Семей 933,0 млн.теңге, Бородулиха ауданында 93,0 млн.теңгеден жоғары, Аягөз, Бесқарағай аудандары, Риддер қаласында 41 ден 50 млн.теңгеге дейін, Үржар, Глубокое аудандарында 30 млн.теңгеден артық қаражат игерілмей қалды. Облыс бойынша барлығы 4,4 млрд.теңге игерілмей қалды.

Ағымдағы кезеңде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша бюджеттік бағдарламалар қанағаттанарлықсыз іске асырылды.
Алынған 7,8 млрд.теңгенің 5,9 млрд.теңгесі немесе 74,8%-ы игерілді, екі млрд. теңгедей қалдық қалды. Нысаналы бюджеттік бағдарламаларды іске асырушы 12 басқарманың ішінде тікелей нәтижеге Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары мен Ішкі істер басқармалары қол жеткізді.
Білім саласында мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларды енгізу, Үржар ауданы Қаракөл ауылының орта мектебінің пайдалану мерзімін 2009 жылдың наурыз айынан тамыз айына ауыстыру себебінен жаңадан енгізілетін білім беру объектілерін ұстау 3,3 млн.теңге, лингафондық және мультимедиялық кабинеттер құру бойынша қалдық пайда болды.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге, денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған қаражаттар пайдаланылған жоқ, қалдық 236,8 млн.теңгені құрады.
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтану нормасын ұлғайту және медициналық-әлеуметтік мекемелерде күндіз болу бөлімшелерінің желісін дамыту, үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға арналған қаражаттарды толығымен игеруде шаралар қабылданған жоқ.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсетудің ағымдағы бағдарламалары бойынша игерілмей қалған қаражат қалдығы 5,4 млн.теңгені құрады.
Аягөз ауданының елді мекендерінің сумен жабдықтаудың 4 объектісі бойынша жоспарланған жұмыс көлемдер орындалған жоқ, тиісінше 22,7 млн.теңге игерілмей қалды. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға 544,8 млн.теңге сомасында трансферттер түсті, 211,0 млн.теңге пайдаланған жоқ, оның 193,6 млн.теңгесі Өскемен  қаласы бойынша, 17,4 млн.теңгесі Семей қаласы бойынша. мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салу бойынша барлығы 48,0% игерілді, негізінде  Өскемен қаласындағы құрылыстың қалыс қалуынан (119,2 млн.теңге). Осындай жағдай кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша, онда тағы сол Өскемен қаласында  игеру 40%-дан аспайды.

Семей қаласының қазіргі бар жылумен жабдықтау жүйесін жаңартуға республикалық бюджеттен алынған 725,0 млн.теңге сомасындағы қаражаттың өткізілген конкурстар нәтижелеріне тексерулер жүргізілгендіктен игерілмеуі бюджеттің сапалы атқарылуына кері әсерін тигізді.

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуінің жалпы көрсеткіштеріне ағымдағы жылдың мамыр айында іске асырылу басталған «Жол картасы» бойынша бағдарламаны іске асыру кері әсерін тигізді. Нәтижелілік бәрінен бұрын конкурстық рәсімдердің дер кезінде өткізілуіне байланысты.
11 маусымдағы жағдай бойынша атқарушы органдар мәліметтері бойынша 93,9%-ға конкурстық рәсімдер өткізілді, шарттар 91,4%-ға жасалды, облыстың 8 өңірінде (Абай, Бородулиха, Зырян, Катонқарағаай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай және Үржар аудандары, облыстық энергетика және көлік және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалары) жұмыс аяқталды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында республикалық бюджеттен «Жол картасын» іске асыруға алынған 857,0 млн.теңгенің 439,0 млн.теңгесі немесе 51,3%-ы жұмсалды. Жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша игеру 43,7%-ды құрады. Катонқарағай, Көкпекті, Тарбағатай және Үржар аудандары тапсырманы толығымен орындады. Абай ауданы (4,5%), Өскемен және Курчатов қалалары орындаған жоқ, игеру 10%.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша (көріктендіру, санитарлық тазалау, су және жылумен жабдықтау объектілеріне ағымдағы жөндеулер, саябақтар мен көшеттерді ұстау) қаражаттар 47,1%-ға игерілді, оның 98,0%-ы республикалық бюджет есебінен, 3,1%-ы жергілікті бюджеттен. тек 4 өңір жоспарды қабылдады, игеруді Риддер қаласы қамтамасыз етті.

Жергілікті бюджет қаражаттарын игеруге Өскемен қаласы 77,7 млн.теңге, (көріктендіру, қала аумағын тазалау және ұстау бойынша 57,2 млн.теңге, жылу-сумен жабдықтау объектілерін ағымдағы жөндеу – 20,1 млн.теңге) кіріскен жоқ, Глубокое ауданында жоспарлар бекітілген игеру жоқ,, (7,3 млн.теңге), Курчатов қаласы бойынша пайдаланылмаған қаражат қалдығы 1,8 млн.теңге.

Елді мекендер автомобиль жолдары мен көшелерді жөндеу және ұстау бойынша 86%-ға игерілді,  сонымен қатар республика қаражаты толығымен игерілді, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 12,0 млн.теңге қалдық оның ішінде 5,4 млн.теңгесі Ұлан ауданында, 4,1 млн.теңгесі Глубокое ауданында және 2,0 млн.теңгесі Риддер қаласында.

Білім беру объектілері бойынша 324,9 млн.теңге игерілген жоқ, төмен игерілуге Бородулиха ауданы (50,1%), Ұлан ауданы (40,0%), Жарма ауданы (63,8%), Өскемен қаласы (17,2%), Риддер қаласы (69,5%), облыстық мекемелер (18,0%) жол берді. Кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламасы бойынша қаражаттарды игеру басталған жоқ, түскен 95,1 млн.теңгенің 626 мың теңгесі игерілді.

Жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша жұмыс нашар ұйымдастырылды, 174,0 млн.теңгенің барлығы 64,1%-ы игерілді, Зайсан ауданынан басқа, ешбір өңір бекітілген міндеттемелерді орындаған жоқ.
Дене шынықтыру және спорт объектілері бойынша түскен 17,3 млн.теңгенің 0,9 млн.теңгесі игерілді,
Мәдениет объектілері бойынша республикалық бюджет  216,0 млн.теңге қаражатының 101,7 млн.теңгесі игерілді, 2,7%-ы жергілікті бюджет есебінен. «Жол картасын» іске асыру бойынша міндеттемелерді  қабылданған 9 бюджеттің есеп беру кезеңінде барлық өңірлер міндеттемелерді қабылдады. Сонымен қатар, Зайсан ауданынан басқа, қаражаттарды игеруге ешкім кіріскен жоқ. Нәтижесінде барлық қаражат шотта қалды.
Денсаулық сақтау бойынша мамыр айына жобаларды іске асыруға тек жергілікті бюджет есебінен 7,6 млн.теңге қарастырылған, ол есеп беру күніне игерілмеген (конкурстар аяқталған жоқ).

Қаражаттарды игеру кезінде қаражаттарды уақытында аудару бойынша облыстық әкімшілері мен төмен тұрған бюджттер арасында жасалған келісімдермен бекітілген міндеттемелерді орындау маңызды.

12 маусымдағы ағымдағы жағдай: РБ-тен 4,4 млрд.теңге трансферттер түсті, аудандар мен қалаларға қарастырылған жоспардың 68%-ы немесе         2,2 млрд.теңгесі аударылды, сонымен қатар, 1,5 млрд.теңге тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, энергетика басқармалары бойынша қазынашылққа 10 маусымда берілген болатын, бірақ облысқа 3 маусымда түсті. Аударудың осындай кідіруі тиісінше мердігер ұйымдарымен есеп беру мерзімдерін ұзартады.

Сонымен қатар, қаражаттарды дер кезінде жұмсауға Бірыңғай бюджеттік сыныптама талаптарын сақтау әсер етеді. соңғы бюджеттерді нақтылау қорытындысы бойынша үш аудан бойынша (Абай. Күршім және Тарбағатай) жол картасы бойынша бағдарламаларға қаражаттарды қате жоспарлауға жол берген (инженерлік инфрақұрлымды жөндеуге қаражат басым әлеуметтік жобалардықаржыландыру бағдарламасы бойынша бекітілген), ол «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен бекітілген жылдық көлемнің ауытқуына әкеп соқты, 36,0 млн.теңгеге нысаналы трансферттер. Бюджет заңнамасына сәйкестендіру үшін тиісті мәслихат сессиясының шешімдерін өзгертуге, сондай-ақ бюджеттік және қаржылық рәсімдерді жүргізуге уақыт қажет.

Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 95,5%-ға игерілген бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына үлкен  жауапкершілікпен қарау керек.
Қаражаттардың төмен игерілуіне Бесқарағай, Бородулиха аудандары мен Өскемен қаласы және облыстық мекемалер жол берді.
Пайдаланылмаған қаражаттардың біршама сомасы денсаулық сақтау (555,8 млн.теңге), құрылыс (343,2 млн.теңге), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру (77,1 млн.теңге), білім (66,2 млн.теңге), мәдениет (15,0 млн.теңге) басқармалары бойынша қалып отыр.
Денсаулық сақтау ұйымдары бойынша мемлекеттік мекемелердің тауарлар сатып алуға, алдын ала қаралу, жұмсақ жабдықтар сатып алу, күрделі шығындар,  жеңілдікпен дәрілік заттарды ұсынуға қарастырылған қаражаттары игерілмей қалды.

Әлеуметтік қамту мекемелеріне азық-түлік сатып алу, күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша міндеттемелер орындалмай қалды.  Осындай жағдай білім беру мекемелері бойынша негізгі құралдар мен ағымдағы ұстау бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша қаражаттар игерілген жоқ. Аталған шығындар ағымдағы сипатта, кірістер бойынша жоспардың орындалмауынан шектеу жоқ.
Құрылыс басқармасы бойынша 219 млн.теңге сомасына мәдениет және спорт объектілерін салуға бөлінген қаражат игерілмей қалды, оның 186,6 млн.теңгесі Семей қаласындағы спорт-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша, Өскемен қаласындағы «Восток» стадионын жаңарту бойынша, Тарбағатай және Ұлан аудандарындағы спорт модульдері бойынша, Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы мұражай ғимаратын қайта жаңғырту, Көкпекті ауданындағы тазалау құрылғыны жаңарту бағдарламалары бойынша қалып отыр.

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша    Семей қаласындағы жылумен жабдықтау жүйесіне кіретін РК-1 қазандықты кеңейту және жаңартуға ЖСҚ әзірлеу бойынша соңғы есеп беруге қарастырылған 48,3 млн.теңге игерілген жоқ.
Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер толығымен пайдаланылған жоқ. 5 айдың қорытындысы бойынша қалдық 79,5 млн.теңгені құрады, оның ішінде Өскемен қаласында атқарылған жұмыс төлемі бойынша шаралардың уақытында қабылданбауынан Ертіс өзені арқылы арынды  канализациялық  коллекторды қайта жаңғырту бойынша,  Үржар ауданында мәдени-демалыс орталығының құрылысы басталған жоқ, Өскемен және Семей қалаларында саяжай алаптары маңындағы қала жолдарын жөндеуге арналған қаражаттар игерілмеген.

Қаражаттардың игерілмеуінің себептері негізінде субъективті: шоттарды кеш ұсыну, конкурстарды айдың соңғы екі күнінде өткізу, растайтын құжаттарды кеш беруге байланысты, объектілердің тізбеснің өзгеруі,  мердігерлердің төлем шоттарын кеш өткізуі, жұмыстарды атқару кестесінен қалыс қалуы, қаржыландыру  жоспарларының жұмыстар, қызметтерді атқару және тауарларды сатып алу мерзімдеріне сәйкес келмеуі және т.б.
Бюджет кодексіне сәйкес төлемдер мен міндеттемелерді қабылдауды бастау мерзімдерін ескере отырып, мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстар жоспарлауды дербес жүргізеді.
Айларға бөлінген нақты мерзімге қабылдаған тапсырмалар-жоспарларды орындау қажет.  
Сіздердің назарларыңызды еңбекақы қорын жоспарлы қаражаттармен қамтамасыз етуге  аударғым келіп отыр. Ағымдағы жылы бюджет ұйымдарының қызметкерлеріне ай сайын еңбекақы төлеуді, әрі айма ай қамтамасыз ету дағдарысқа қарсы маңызы бар шаралардың бірі  болып табылады.
Біздің облысымызда жекелеген өңірлер мен облыстық бюджеттік бағдарламалар бойынша ауыспалы кредиторлық берешек пайда болып отырады. 5 айдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарда 67,2 млн.теңге, экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасында 332,0 мың теңге, Курчатов қаласында 212,0 мың теңге берешек  пайда болды. 4 айдың қорытындысы бойынша осындай берешек Шемонаиха ауданында, Риддер қаласында, облыстық денсаулық сақтау, білім, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларында болған.
Қалалар мен аудандардың әкімдері мен облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне Бюджет заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеуді жүргізу тапсырылған болатын, дегенмен де берешек бар.

Осы мәселені жедел түрде шешу қажет, мемлекеттік мекемелердің айларға қате жоспарлауға немесе төлем шоттарын ресімдеуде техникалық қатеге жол берген тікелей атқарушыларын жауапкершілікке тарту керек.

Өткен кезеңде дебиторлық берешек төрт есе ұлғайып, ол 3,0 млрд.теңгеден асты. Қазіргі уақытта жеткізушілер мен мердігер ұйымдарға өткізілген конкурс бойынша аванс беріліп жатыр, жөндеу жұмыстарына алдын ала төлем жасалуда. Қаражаттарды игеру басталды және осы кезеңде атқарушы органдарға мердігер ұйымдарының алдын ала төлем жасалған жұмыстардың уақытында атқарылуына бақылауды күшейтуі, қызметтерді жеткізушілерге берешек мерзімінің ұзаруына жол бермеу  қажет.

Өскемен қаласында қала көшелерін көріктендіру және жөндеу бойынша пайда болған (287,5 млн.теңге), Аягөз ауданы бойынша 5,5 млн.теңге және Жарма ауданы бойынша 3,7 млн.теңге мерзімі өткен кредиторлық берешекті өтеу бойынша шаралар қабылданған жоқ.

Құрметті әріптестер!
Барлық деңгейдегі бюджеттерді атқару қорытындысы жергілікті атқарушы органдары мен облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшщілерінің біршама кемшіліктері бар екендігін көрсетіп отыр.
Бүгінгі таңда жергілікті бюджеттер түсімдерінің жылдық тапсырмаларын орындау, объективті сипатта (әлеуметтік салық, жеке табыс салығы) салықтық төлемдердің орындалмаған жоспарларын жабу үшін қосымша кіріс көздерін қарастыру және барлық бекітілген бюджеттік бағдарламаларды ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету ең басты мәселе болып отыр. Сондай-ақ, игеру бойынша дер кезінде шаралар қабылдау мәселесін шешу, қабылданған бағдарламаларды іске асырудың  соңғы нәтижесіне өз әсерін тигізді.

Назарларыңызға рахмет!