|
|
|
|||
|
|
Ереже 2009 жылғы 2-тоқсандағы атқарылған жұмыс тұралы есеп Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы 2009 жылдың 2 -тоқсанында мынадай жұмыстар атқарды. «Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат саны лимитінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 30 сәуірдегі № 518 қаулыға өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 24 наурыздағы № 03 қаулысына сәйкес қаржы басқармасы аппаратының штаттық құрылымы 3 бірлікке ұлғайды. «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері» 2008 жылғы 30 сәуірдегі № 568 қаулыға өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 23 қаулысына сәйкес мемлекеттiк сатып алудың есептiлiгi және мониторингі бөлімі құрылып және жүктелген фунционалдық міндеттерді орындауға кірісті. «Ағымдағы жылдың 5 айына бюджеттік қаражаттың игерілуі бойынша облыс қалалары мен аудандары және облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысы туралы» облыс әкімдігінің коллегиясына басшының баяндамасы және ақпараты дайындалып, облыс әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданды. Бюджеттің кіріс бөлігін орындау есебімен 2009 жылға облыстық бюджет шығыстарын қысқарту бойынша облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныстар дайындалды. Жедел мәліметтер бойынша Жол картасына бөлінген қаражаттарды игеру ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 5482,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 4687,6 млн. теңге, жергілікті бюджеттен қосақаржыландыру бойынша 795,2 млн. теңгені құрады. Есеп беру кезінде Орталық органдарға, жергілікті және өкілетті органдарға, қаржылық бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға және басқа да атқарушы органдарға 2009 жылдың 1 жарты жылдығына облыс бюджеті мен облыстық бюджеттің атқарылуы жөнінде тоқсандық есеп, 2009 жылғы есеп беру кезеңінде бюджетті атқару жөніндегі тиісті ай сайынғы есеп әзірленіп, ұсынылды. Теңгерім шоттары бойынша талдамалық деректермен ай сайын кредиторлық және дебиторлық жөнінде есептер, түсіндірме жазбахаты бар берешектің пайда болу себептері туралы, республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттерді игеру жөнінде ақпарат ұсынылды. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттары есебінен инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттардың игерілуіне, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бойынша уақытында еңбекақы төлеуіне, жергілікті бюджетке түскен түсімдеріне нақты талдау жасалынады, шоттардағы қалдықтарды талдау және бюджеттік бағдарламаларды ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету, ипотекалық тұрғын үй сатып алуға азаматтардың өтініштерін есепке алу, тұрған үйлерді сатуда түскен кірістер түсімдерін есепке алу, берілген кредиттердің қайтарылуына күн сайын, апта сайын, ай сайын монитринг жүргізіледі, ақпарат ҚР Қаржы министрлігіне, облыс әкімінің аппаратына ұсынылады. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің үйлестіру кеңесінің шешімін жүзеге асыруға қатысты шаралар жоспарына сәйкес, ШҚО қаржы басқармасы және Өңірлік мемлекеттік қызметкетшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының қолдауымен 2009 жылғы 18 маусымда, сондай-ақ 2009 жылдың 22 - 26 маусым аралығында мемлекеттік органдар өткізген, мемлекеттік сатып алу бойынша бағдарламалар әкімшілерімен семинар өткізілді. Аталған семинарға 161 қызметкер қатысты. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 1801 мемлекеттік ұйымның 1582-сі мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын орналастырды. Облыстық коммуналдық меншік объектілерін жалға беру жөнінде үнемі жұмыс жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша облыстық бюджетке 68,336 млн.теңге түсімдер түсті. Облыстың коммуналдық меншігін жалпы тиімді басқару мақсатында «Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншікті басқару мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасы әзірленді. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері ұзақ уақыт пайдаланылмаған және бос тұрған ғимараттар мен құрылғыларды түгендеу, оларды одан әрі пайдалану жөнінде ұсынылған талдау бойынша жұмыс жүргізді. Жалпы облыс бойынша шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығындағы 1773 астам мемлекеттік мекеме мен кәсіпорын, олардың теңгерімдеріндегі ғимараттар мен құрылыстар жекешелендіруге жатқызылған. 228 ұзақ уақыт пайдаланылмаған объект анықталды. Қазіргі уақытта облыстық қалалары мен аудандарында құрылған комиссиялар осы объектілерді одан әрі пайдалану жолдарын анықтайды. Кәсіби деңгейді арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Шығыс Қазақстан өңірлік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында басқарманың 3 маманы біліктіліктерін арттырды. Кәсіби, құқықтық мәдениетті, деңгейін, азаматтармен жұмыс істей алу қабілеттілігін анықтау мақсатында кестеге сәйкес басқарманың 3 мемелекеттік қызметшісі аттестациядан өтті.
|