|
|
Ереже
2009 жылғы 3-тоқсандағы атқарылған жұмыс тұралы есеп
Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы 2009 жылдың 3 -тоқсанында мынадай жұмыстар атқарды. «Ағымдағы жылдың 7 айына бюджеттік қаражаттардың игерілу барысы туралы» әкімдік отырысына басшының баяндамасы мен есебі дайындалды.
«Ағымдағы жылдың 8 айына бюджеттік қаражаттарды игерудің қорытындысы, облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің орынбасарларын және облыстық басқармалар бастықтарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы» әкімдік отырысына ақпарат дайындалды.
Облыс мәслихаты сессиясына шығатын облыс әкімінің баяндамасына «2009 жылдың бірінші жарты жылдығына облыс бюджетінің атқарылу қорытындысы туралы» ақпарат дайындалды.
Жалпы сомасы 492,3 млн.теңге бюджеттің кіріс бөлігін орындалмауына байланысты облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджет шығыстарын қысқарту бойынша мәселелер талқыланды.
Облыстық бюджет шығыстарын қысқарту бойынша облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныстар дайындалды. Облыстық бюджетті нақтылау бойынша тиісті қаржылық ресімдер жасалды.
Жол картасын іске асыруға бөлінген қаражаттарды дер кезінде игеру мақсатында облыстық әкімшілермен бірлесе отырып, жасалған шарттарға сәйкес республикалық бағдарламалар әкімшілерінен трансферттердің түсуі бойынша жұмыстар жүргізілуде, республикалық бюджет қаражатын және қоса қаржыландыру қаржыларын игеру, нысаналы трансферттердің республикалық бюджеттен төмен тұрған бюджетке дейін жетуінің күн сайынғы мониторингісі жүргізіледі.
Жедел мәліметтер бойынша Жол картасына бөлінген қаражаттарды игеру ағымдағы жылдың 1 қазанына 14197,7 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 11801,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен қосақаржыландыру бойынша 2396,0 млн. теңгені құрады.
Есеп беру кезінде Орталық органдарға, жергілікті және өкілетті органдарға, қаржылық бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға және басқа да атқарушы органдарға 2009 жылдың 1 жарты жылдығына облыс бюджеті мен облыстық бюджеттің атқарылуы жөнінде тоқсандық есеп, 2009 жылғы есеп беру кезеңінде бюджетті атқару жөніндегі тиісті ай сайынғы есеп әзірленіп, ұсынылды.
Теңгерім шоттары бойынша талдамалық деректермен ай сайын кредиторлық және дебиторлық жөнінде есептер, түсіндірме жазбахаты бар берешектің пайда болу себептері туралы, республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттерді игеру жөнінде ақпарат ұсынылды. Мемлекеттік мекемелердің тауарлар, жұмыстар және қызметтерден алған қаражат шығындары мен түсім жоспарларының орындалуы туралы есеп дайындалды.
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттары есебінен инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттардың игерілуіне, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бойынша уақытында еңбекақы төлеуіне, жергілікті бюджетке түскен түсімдеріне нақты талдау жасалынады, шоттардағы қалдықтарды талдау және бюджеттік бағдарламаларды ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету, ипотекалық тұрғын үй сатып алуға азаматтардың өтініштерін есепке алу, тұрған үйлерді сатуда түскен кірістер түсімдерін есепке алу, берілген кредиттердің қайтарылуына күн сайын, апта сайын, ай сайын монитринг жүргізіледі, ақпарат ҚР Қаржы министрлігіне, облыс әкімінің аппаратына ұсынылады.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің үйлестіру кеңесінің шешімін жүзеге асыруға қатысты шаралар жоспарына сәйкес, ШҚО қаржы басқармасы және Өңірлік мемлекеттік қызметкетшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының қолдауымен мемлекеттік органдар өткізген, мемлекеттік сатып алу бойынша бағдарламалар әкімшілерімен семинар өткізілді. Аталған семинарға 923 қызметкер қатысты.
Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша 1801 мемлекеттік ұйымның мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын орналастырды.
Ай сайын электронды әдіспен өткізілген мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық мазмұн көлемдері жөніндегі есеп әзірленеді.
Облыстың базарларында біржолғы талондарды беру жөнінде жұмыс ұйымдастырылды, сауда орындарына, біржолғы талондар бойынша қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғалардан жеке табыс салығының түсімдеріне хронометражды қадағалау жасалды. Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша бюджет кірісіне қосымша 6,7 млн.теңге түсті.
Облыстық коммуналдық меншік объектілерін жалға беру жөнінде үнемі жұмыс жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша облыстық бюджетке 86,5 млн.теңге түсімдер түсті.
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері ұзақ уақыт пайдаланылмаған және бос тұрған ғимараттар мен құрылғыларды түгендеу, оларды одан әрі пайдалану жөнінде ұсынылған талдау бойынша жұмыс жүргізді. 284 ұзақ уақыт пайдаланылмаған объект анықталды. Қазіргі уақытта облыстық қалалары мен аудандарында құрылған комиссиялар осы объектілерді одан әрі пайдалану жолдарын анықтайды, 30 объекті бойынша оларды пайдалану жөнінде нақты шешімдер қабылданды.
Аукциондар өткізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 959 мың теңгеге 13 автокөлік сатылды, сондай-ақ жеке тұлға А.П.Томашенкоға «Майлы дақылдар шаруашылығы» ЖШС 126926,0 мың теңге бағалық құны бойынша қатысудың мемлекеттік үлесінің 90%-ы сатылды.
Астана қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Өкілдігі кешені сенімді басқаруға берілді.
Тиісті өңірдің балалар контингентін оқыту үшін Семей қаласының 1200 орынға арналған Қазақстан Республикасы бірінші Президентінің интеллектуалды орта мектебі республикалық меншікке берілді.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар тізімі әзірленіп, облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Тәукебаевқа ұқсас қызметтерді жүзеге асыру қағидасы бойынша оларды нығайту мүмкіндігі туралы ұсыныс жолданды.
|