Ереже

2009 жылғы 4-тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы есеп

Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы 2009 жылғы 4- тоқсанда мынадай жұмыстарды атқарды.
Басшының әкімдік отырысына «2009 жылғы 10 айға облыс бюджетінің атқарылуы қорытындылары туралы» баяндамасы мен ақпараты  әзірленді.

Облыстық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 26 қарашадағы шешіміне сәйкес 2009 жылға облыстық бюджетті нақтылау бойынша тиісті қаржылық рәсімдер жүргізілді. Сондай-ақ, желтоқсан айында 15,5 млн.теңге сомасындағы 2008 жылғы толық пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді Республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету үшін облыстық бюджетке түзетулер жүрізілді.

Жол картасын іске асыруға бөлінген қаражаттарды уақытында игеру мақсатында басқармамен облыстық әкімшілер бірлесе отырып, жасалған шарттарға сәйкес республикалық бағдарламалар әкімшілерінен трансферттер түсу бойынша күн сайынғы мониторинг жүргізді, нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге дейін жеткізудің, республикалық бюджет және қоса қаржыландырудың қаражаттарын игерудің күн сайынғы мониторингі жүргізілді. Жол картасына бөлінген қаражаттарды игеру 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 18221,0 млн.теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен 15304,6 млн.теңге, жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен 2976,4 млн.теңге.

Есепті кезеңге Орталық органдарға, жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға, қаржылық бақылау бойынша уәкілетті органдарға және басқа атқарушы органдарға облыс бюджетінің атқарылуы бойынша тоқсандық есеп және 2009 жылғы есепті кезеңге бюджеттің атқарылуы туралы тиісті ай сайынғы есептер әзірленіп және ұсынылған.

Баланстардың шоты бойынша сараптамалық мәліметтерімен кредиторлық және дебиторлық берешектер бойынша есептер, қызметтік хаты бар берешектің пайда болу себептері туралы ақпараттар, республикалық бюджеттен  бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі туралы есептер ай сайын ұсынылады. Мемлекеттік мекемелердің олардың иелігінде қалған  тауарлардан, жұмыстар мен қызметтерден алынатын қаражаттар түсімдері мен шығындары жоспарларының атқарылуы туралы есеп әзірленді.

«2010-2012 жылдарға облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы шешімін іске асыру мақсатында басқарманың мамандары түсімдердің жиынтық жоспарларын әзірлеу және 2010 жылға облыстық бюджетті қаржыландыру бойынша ұйымдастыру-даярлық жұмыстары жүргізілді, қабылдау жүргізіліп, 2010 жылы қаржыландыруды дер кезінде ашу үшін Қазынашылық жүйесіне беру және енгізу мақсатында облыстың 251 мемлекеттік мекемесінің  үлгісі тексерілді.

Күн сайынғы, апта сайынғы, ай сайынғы кезеңділікпен республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен инвестициялық жобаларды  іске асыруға бөлінген қаражаттардың игерілу, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бойынша жалақыны уақытылы төлеудің мониторингісі жүргізіледі, жергілікті бюджеттерге түсімдердің факторлық талдаулары, шоттарда қалдықтардың болуы және бюджеттік бағдарламалардың болуын қамтамасыз ету талдаулары жүргізіледі, ипотекалық тұрғын-үй алуға азаматтардың өтініштерін есепке алу, тұрғын-үй сатудан түскен, берілген кредиттерді қайтарудан түскен кірістер түсімдерін есепке алу туралы ақпараттар ҚР Қаржы министрлігіне, облыс әкімі аппаратына ұсынылады.

Мемлекеттік сатып алуды жүргізуде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпараттар ай сайын электронды тәсілмен әзірленеді.
Облыстың базарларында біржолғы талондар бойынша жұмыстар ұйымдастырылды, сауда орындарының болуына, біржолғы талондар бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардан жеке табыс салығының түсімдерінің толықтығына хронометражды бақылаулар жүргізілді. 2009 жылдың қорытындысы бойынша бюджет кірісіне  барлығы 360,3 млн.теңге түсті.

Тоқсан бойы үнемі негізде облыс өңірлеріндегі әлеуметтік сала ұйымдарының аудандарын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Облыстық коммуналдық меншік объектілерін жалға беру бойынша үнемі жұмыстар жүргізіледі. Облыстық бюджет түсімі 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 43,2 млн.теңгені құрады, жыл қорытындысы бойынша түсім 194,6 млн.теңгені құрады.

Бұрын жекешелендірілген әлеуметтік сала объектілерін түгендеу жұмыстары жүргізілді. Меншік иелерімен келісімге қол жетіп және коммуналдық меншікке 54 әлеуметтік маңызы бар объектілер қабылданды, оның 13-і бала бақшалар ғимараты және бала бақша орнластыру үшін ғимараттар, 37-і клубтар ғимараттары және мәдениет үйлері, 4 спорт құрылғылары.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы      № 313 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары әзірленіп бекітілді.

Басқарма қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың Шығыс Қазақстан өңірлік орталығында біліктілік арттыру курсында 6 маманымыз оқытудан өтті. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында біліктілігін арттыру курсынан басқарма бастығының орынбасары өтті.

Құқықтық  мәдениет, азаматтармен жұмыс істеу қабілеттілігін, кәсіби даярлықтың деңгейін анықтау мақсатында 2-ші жартыжылдықта аттестациядан өту кестесіне сәйкес, басқарманың 3 мемлекеттік қызметшісі аттестациядан өтті.