|
|
|
|||
|
|
Ереже 2010 жылғы 2-тоқсандағы атқарылған жұмыс туралы есеп Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы 2010 жылдың 2 -тоқсанында мынадай жұмыстар атқарды: Жол картасын іске асыруға бөлінген қаражаттарды дер кезінде игеру мақсатында облыстық әкімшілермен бірлесе отырып, жасалған шарттарға сәйкес республикалық бағдарламалар әкімшілерінен трансферттердің түсуі бойынша жұмыстар жүргізілуде, республикалық бюджет қаражатын және қоса қаржыландыру қаржыларын игеру, нысаналы трансферттердің республикалық бюджеттен төмен тұрған бюджетке дейін жетуінің күн сайынғы мониторингісі жүргізіледі. Жол картасына бөлінген қаражаттарды игеру ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 5417,2 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 4018,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен қосақаржыландыру бойынша 1398,4 млн. теңгені құрады. Қаржы басқармасы аппаратын ұстауға лимиттер бойынша 2011-2012 жылдарға Бюджеттік тапсырыс әзірленді. Теңгерім шоттары бойынша талдамалық деректермен ай сайын кредиторлық және дебиторлық жөнінде есептер, түсіндірме жазбахаты бар берешектің пайда болу себептері туралы, республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттерді игеру жөнінде ақпарат ұсынылды. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты оқыту семинарлары өткізілді: Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 1851 мемлекеттік ұйымның 1764-і мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын орналастырды. Облыстық коммуналдық меншік объектілерін жалға беру жөнінде үнемі жұмыс жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша облыстық бюджетке 38,99 млн.теңге түсімдер түсті. 213 мүліктік жалдау шарты қолданыста. Коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша 4 аукцион және 2 тендер өткізілді. Жергілікті бюджетке сатудан 6,10 млн.теңге түсті. Коммуналдық меншік мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының 5 жобасы әзірленді, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарын республикалық меншіктен коммуналдық меншікке, негізгі құралдарды республикалық құрылымдарға беру бойынша (Прокуратура, Соттар әкімшісі). Ұзақ уақыт пайдаланылмаған объектілер бойынша жұмыс жалғастырылды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде 289 объект анықталды, оның 65%-ы өзінің қолданысын тапты (есептен шығарылды, жекешелендіруге берілді, қалпына келтірілді және т.б.). Ұйымдардың Мемлекеттік коммуналдық меншік объектілер тізілімінің бөлімдер бойынша толтыру сапасы талданды: негізгі құралдар, заңды тұлғалар, ҚР Қаржы министрлігінің 441, 302 бұйрықтары бойынша ҚШҚ-ның есептері. Кәсіби деңгейді арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Шығыс Қазақстан өңірлік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында басқарманың 6 маманы біліктіліктерін арттырды. Кәсіби, құқықтық мәдениетті, деңгейін, азаматтармен жұмыс істей алу қабілеттілігін анықтау мақсатында кестеге сәйкес басқарманың 6 мемлекеттік қызметшісі аттестациядан өтті. «Сараптау және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы мамандары өткізген қайта сертификаттау аудиті нәтижесінде бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынуда СМС сәйкестігі 9001-2009 СМЖ ҚР ТС расталды.
|