|
|
Ереже
2010 жылғы 3-тоқсандағы атқарылған жұмыс туралы есеп
Облыс бюджетінің атқарылуы
2010 жылғы тоғыз айдағы облыс бюджетінің меншік кірістері 100,3%-ға орындалды, белгіленген жоспардан тыс 102,1 млн.теңге түсті. Облыстық бюджеттен басқа, барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады (97,1%).
Бекітілген салықтар мен төлемдер түсімдерінің жоспары 102,3%-ға орындалды, жоспардан тыс 278,7 млн.теңге түсті.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1369,1 млн.теңге сомасында облыс бюджетіне түсімдердің ұлғаюына қол жеткізілді, оның ішінде төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы (1249,0 млн.теңге), әлеуметтік салық (130,2 млн.теңге), көлік құралына арналған салық (406,1 млн.теңге), өзге салық емес түсімдер (174,8 млн.теңге) және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша (39,6 млн.теңге).
Шығыс бөлігі
Бюджеттің шығыс бөлігі 96,5%-ға орындалды (бірінші жарты жылдықта 95,5%). Бекітілген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға 121,3 млрд.теңге жұмсалды, оның 75,4 млрд.теңгесі әлеуметтік саланың басым бағыттары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша немесе ол бюджет көлемінің 62%-ы.
Өткен кезеңде барлық өңірлер бюджет қаражаттарын игерудің 98-99% деңгейіне қол жеткізді, дегенмен де қаражаттардың төмен игерілуіне 4 өңір жол берген: Өскемен (93,7%), Риддер (92,8%) қалалары, Күршім (97,8%) және Көкпекті (96,6%) аудандары.
9 айда облысқа республикалық бюджеттен 32,1 млрд.теңгеге нысаналы трансферттер келіп түсті, нақты 29,7 млрд.теңгесі немесе 92,5%-ы игерілді, игерілмеген трансферттер сомасы 2405,0 млн.теңге, дамыту бюджеттік бағдарламалар бойынша: денсаулық сақтау және білім беру объектілерінің құрылысы бойынша 1081,6 млн.теңге, 243,2 млн.теңге инженерлік-коммуникация инфрақұрылымды дамыту, жайғастыру, сатып алу және жөндеуге, 253,1 млн.теңге жол жөндеу жұмыстары мен көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған, 119,5 млн.теңге коммуналдық тұрғын үй құрылысына, 71,7 млн.теңгеге сумен жабдықтау жүйесін дамыту. Трансферттердің игерілмеуінің объективті себептері мамыр-маусым айларында жол жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермеген табиғи-климаттық жағдайлар болып табылады, облыстық бюджетте екінші жарты жылдықта бекітілген конкусртардың кеш өткізілуі. Қазіргі уақытта бұрын жіберілген қалушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды, ол күтілетін баға бойынша алынған трансферттерді игеруге мүмкіндік береді.
Трансферттерді толық және уактылы игеру мақсатында жылдық жоспарларды түзету жөніндегі мәселелерді білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация министріліктері, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі қарастырды, соның негізінде облыстық мәслихаттың ағымдағы жылдың 22 қазандағы шешімімен 2010 жылғы бюджет нақтыланды.
2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жол картасының инвестициялық бағыттарды іске асыруға 10483,3 млн.теңге бөлінді, игерілген қаражат сомасы 10202,7 млн.теңгені құрайды, оның 7454,2 млн.теңгесі республикалық бюджеттің, 2748,5 млн.теңгесі жергілікті бюджеттің қаражаты.
Ағымдағы жылы ҚР Үкіметі 6,1 млрд.теңге сомасында қаржылық көмек көрсеткен болатын, ағымдығы жылдың 10 қарашаға дейін 2010 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөнінде іс-шараларды жүргізуге 849,9 млн.теңге бөлінді, алынған қаражаттың нақты игерілгені 1 қазандағы 680,0 млн.теңге немесе 80,7% құрады.
Облыстың 6 өңірінде су тасқыны нәтижесінде бұзылған тұрғын үй құрылысына 2,8 морд.теңге бөлінді, өткен жылы 89,9% игерілді. қалған транштар бойынша Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылындағы мектеп құрылысына, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жетінші өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуге бөлінген.
2010 жылы ипотекалық тұрғын үйлерді дамытуға кредиттерді уақтылы және толық өтеуді қамтамасыз ету.
Облыс Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 882,0 млн.теңге сомасында 2007 жылы алынған республикалық кредитті қайтару бойынша міндеттемелерді толығымен орындады (ақпан айында -364,0 млн.теңге, сәуір айында – 518,0 млн.теңге).
Баға ұсыныстарын сұрату әдісімен мемлекеттік сатып алуды электронды тәсіліне (ВЕБ-портал) ауысуды, конкурстық рәсімдерді уактылы ашық түрде өткізу, мемлекеттік органдарды қазақстандық қамту үлесін ұлғайту.
Веб-портал арқылы электронды мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында отандық тауар өндірушілерді, шағын және орта бизнес субъектілерін, қауымдастықтарды, қоғамдық бірлестіктерді қатыстыра отырып, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, қалалар мен аудандар әкімдіктеріне оқыту семинарлары өткізілді. мемлекеттік сатып алу өткізу мониторингінен шыға отырып, мемлекетке тиесілі дауыс беретін акцияларының 50 бастап және 100%-ы бар барлық мемлекеттік органдар мен мекемелер, кәсіпорындары Веб-портал арқылы электронды мемлекеттік сатып алуға көшті.
2010 жылға арналған облыстың мемлекеттік мекемлері мен ұйымдары бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларына сәйкес 19 496 389 мың теңге сомасына 422 конкурс толық көлемде өткізілді, оның ішінде 6 878 231 мың теңгеге жол картасы бойынша 209 конкурс.
01.10.2010ж. облыстың барлық мекемелер мен ұйымдардың ұсынған қазақстандық қамту үлесі 81,03% құрайды, (тауарлар - 67,37%, жұмыстар – 92,23%, қызметтер - 100%), облыстар арасында IV орында, Қазақстан Республикасы бойынша жалпы көрсеткіштермен салыстырғанда 70,36%.
Коммуналдық меншікті басқару
Коммуналдық меншік объектілерді жекешелендіру бойынша үнемі жұмыстар жүргізіледі.
Өткізілген аукциондық саудалар және коммерциялық тендерлер барысында коммуналдық меншіктің 30 объектісі 14 млн.теңгеге сатылды.
Бюджетті толық толтыру және мемлекеттік мүлікті тиімді басқару мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен Шығыс Қазақстан мемлекеттік облыстық коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға және сенімді басқаруға беру жөніндегі нұсқаулықтары бекітілді. Коммуналдық меншік объектілерін пайдаланғаны үшін жалдық ақы мөлшерін анықтау әдісі әзірленіп, 2010 жылғы сәуіреден бастап қолданылады.
2010 жылғы 9 айдағы облыстық бюджетке жалдаудан түскен түсімдер сомасы 144,5 млн.теңгені құрады, ол жалдаудан түскен кірістер жоспарының 118,5%-ын құрайды, оның ішінде облыстық бюджетке жалдаудан келіп түскен түсімдер 74,5 млн.теңгені құрады (болжамның 133,1%-ы).
Әлеуметтік объектілерін қайтару
Бұрын жекешелендірілген әлеуметтік сала объектілерін қайтару бойынша жұмыс жалғастырылды. Жалпы облыс бойынша 01.10.2010 ж. 75 объект қайтарылды, оның ішінде: білім берудің 20 объектісі, соның ішінде 17-і балабақша ғимараты, 1 объект денсаулық сақтау объектісі, 49 клубб және мәдениет үйі, 5 спорт объектілері.
|